Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы тазаланды
Шымкентте кезекті рет Бадам өзенінің жағалауы тазаланды, деп хабарлайды 24kz.
Жүздеген белсенді қураған ағаш бұталарын қырқып, сарғайған шөпті орды. Орындықтар мен қоршауларды сырлады. Бұқаралық сипат алған науқанға тұрғындардан бөлек «Жастар рухы» жасағы, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктердің белсенділері атсалысты. Жалпы маусым айынан бері «Таза бейсенбі» акциясына мыңдаған адам үлес қосып, 20 тоннадан астам күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Ердәулет Жүнісбек, «Amanat» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Қаламызда 5 аудан болғандықтан рет-ретімен кезегімен өтеді. Бүгін Әл-Фараби ауданының кезегі. Сол себепті ең қоқыс көптеу деген аймақты таңдап отырмыз. Осы акцияның нәтижесінде тұрғындарға да ой саламыз деген үміттеміз. Олар да келесі акцияларда бізбен бірге шығады деген ойдамыз.