Тұран жолбарысы түп мекеніне оралды
Елге 70 жылдан соң Тұран жолбарысы қайта оралды.
Жабайы жыртқыштар «Іле-Балқаш» резерватының қорықтық аймағының шекарасында орналасқан кіші вольерде мекендейтін болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Тұран жолбарысын Орталық Азияда ұстау үшін қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы таңдалған. Айту кету керек, жолбарыстың тіршілік ету аумағына 13 мемлекет кіреді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Елімізге екі бас жолбарыс Голландиядан келіп отыр. Бұл - еліміз үшін тарихи жағдай. Тарихқа сүйенсек, жалпы біздің өңірімізде Іле өзені мен Сыр өзенінің жағасында тоғайларда қамысты жерлерінде осы Тұран жолбарысы өткен ғасырдың 40-жылдарында болған.