Алматы облысы бойынша «Таза Қазақстан» акциясына 700 мың адам қатысты

Алматы облысы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері оған 700 мың адам қатысты.

Жалпы аумағы 8 мың гектар жер тазаланып, 24 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Көктем мезгілінде көшелер мен саябақтарға 68 мың түп ағаш көшеті отырғызылса, күзде тағы 40 мың түптей көшет егу жоспарланған. Бұл жұмыстарға қала, аудан тұрғындары, еріктілер мен «Жасыл ел» жасақтары қызу атсалысып жатыр. Олар бүгін Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округі мен Қонаев қаласындағы жағажайларды қоқыстан тазартты. Бұл іс-шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты.  

Базарбай Оралбаев, Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Ақсақалдардың бәрі қосылып жатырмыз. Жастарға өнеге болсын, тәрбие болсын деп жатырмыз ғой. Осы жердің бәрін таза ұстап, тазалық енді өзімізге байланысты ғой. Әр адам өзін тәрбиелеуі керек деп ойлаймын негізі. Тазалық ұстап, есік алдын таза ұстаса, бүкіл солай бәрі тазалыққа кіріссе, бүкіл Қазақстанымыз тазарып, осындай ауамыз тазарып, кеңейіп, сондай бір енді мәселе көтеріліп жатыр шынында да. Ол енді дұрыс.