Аққулар Бурабайдан жылы жаққа ұшып кетті

Жаз бойы Бурабай көлінде жүзген қос аққудың жылы жаққа ұшар алдындағы "қоштасу көрінісі" көпшілікті сүйсіндірді.

Әсерлі сәтті орман шаруашылығының инспекторы Дәурен Нұртазин таспаға түсіріп, желіге жариялаған. Әдетте бұл аққулар қыркүйек айының соңында ұлттық саябақтың аумағынан шығып, Каспий теңізінің жағалауында қыстайды. Одан әрі Қытай мен солтүстік Жерорта теңізі аумағына жетіп, мекен етеді.