Шымкенттік кәсіпорындарға ірі көлемде айыппұл салынды
Экологияға зиян тигізгені үшін Шымкенттегі өндіріс орындарына ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды 24kz.
Сот төрт зауытты зиянды қалдықтарды тазарту жүйесін ретке келтіріп, сүзгі орнатуға міндеттеді. Кәсіпорындар «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Жергілікті тұрғындар өндіріс ошақтарынан ауаға жағымсыз иіс тарайтынына шағымданғаннан кейін құзырлы органдар олардың ауаны ластағанын анықтады. Зауыттарға 180 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Шымкенттің бас экологы Ермахан Қозыбаевтың айтуынша, бұл шешіммен келіспеген бірқатар кәсіпкерлер сотқа аппеляциялық шағым түсірген.
Ермахан Қозыбаев, Шымкент қ. экология департаментінің басшысы:
- Бізде бірнеше мекемелер бар өзі, жыл сайын қайталанады. Былтыр бір тексерген мекемеміз отходпен түскен болатын, биыл выбростан ауаға тасталған. Сондықтан биыл департаментпен жаңағы сегіз иск берілген. Оның төртеуіне соттың шешімі шыққан қызметін тоқтата тұру туралы, ал төртеуі экономикалық сотта қаралуда.