М.Әшімбаев: Экологияға зиян келтірмейтін тиімді шешімдер қабылдау қажет
Экологиялық қауіпсіздік кешенді тәсілді талап етеді. АЭС салуды қолдау жөніндегі, халықтық штаб мүшелері Абай облысындағы кездесулерде осы мәселеге мән берді, деп хабарлайды 24kz.
Сенат төрағасы бастаған топ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, білім беру мамандарымен және коммуналдық қызмет саласындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Мәулен Әшімбаев әлем елдері климаттың өзгеруі, және экологияның нашарлауынан туындайтын проблемалармен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.
«Елімізде болған су тасқыны да соның бір салдары. Демек, экологияға және энергияға зиян келтірмейтін тиімді шешімдер қабылдау қажет», - деді Сенат спикері.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Президентіміздің шешімін, референдум өткізу туралы бастаманы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымының жүзеге асуының нақты нышаны деп ауыз толтырып айта аламыз. Семей өңірі де осы қастерлі мекен бастаманы қолдап, 6 қазан күні дауыс береді деп сенеміз. Тек қана өздеріңіз ғана дауыс бермей, оқу орындарында да ақпараттар беріп, дәріптеу жұмыстарын жүргізіп, Абай облысы халқының референдумға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге үлестеріңізді қосасыздар деп ойлаймыз.