Аршалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны өтіп жатыр
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақмола облысының Аршалы ауданына да жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Бабатай ауылындағы балалар ауласының айналасына 20 шырша мен 40-қа жуық терек отырғызылды. Сондай-ақ елді мекен аумағынан 15-18 мың текше метр қоқыс шығару көзделіп отыр. Мұндағы «Таза Қазақстан» науқанына барлығы 250 адам жұмылдырылған. Белсенділер қатарында «Жасыл ел» еңбек жасағы мен аудандық мәслихат депутаттары және жастар ұйымдарының өкілдері бар. «Баланы табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға баулуды тал бесіктен бастау керек», – дейді ауыл ақсақалдары.
Аманғазы Зейноллаұлы, Аршалы ауданы Бабатай ауылының тұрғыны:
- Аршалы ауданы Бабатай ауылына осылай көмек көрсетіп, ағаштар егіп жатыр. Облыс әкімінің бұйрығымен «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Келген азаматтарға көп рақмет. Аудан әкімі Совет Теміртайұлы мен ауыл әкімі Болатбек Қапанұлы қатысты.