Ақтөбеде студенттер сенбілікке қатысты

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы 368 мыңнан астам адам өңірдің экологиялық ахуалын оңалтуға атсалысқан.

Аймақтағы түрлі ұжымдар мен қоғамдық бірлестік өкілдері, апта сайын тұрақты сенбілік кестесін бекітті. Әсіресе жастар беЛсенділік танытып отыр. Бүгін өңірдегі бірнеше жоғары оқу орыны студенттері мен колледж оқушылары, Әлия Молдағұлова ескерткіші маңын тазалады. Жалпы тазалық акциясы барысында 62 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық полигонға шығарылды.

Темірлан Алдажаров, "Қазақстан студенттер альянсы" ҚБ облыстық филиал төрағасы:

- Бұл акцияның басты мақсаты - қоқыс тазалаумен ғана шектелмейді. Бұл халыққа, жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз көмегін тигізеді. Және де осы акция аясында барша қала тұрғындарын, жастарын осы акцияға белсенді атсалысуға шақырамын.