Жайықтың жағалауы қоқыстан тазартылды
Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жайықтың жағалауы қоқыстан тазартылды.
Тазалық науқанына 50-ге жуық адам қатысты. Олар қураған ағаштарды кесіп, орындықтарды сырлап, демалыс аймағын сыпырды. Жалпы өңірде жоба басталғалы 1500 тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигонға шығарылды. Тазалық шараларына 45 мыңнан астам адам қатысып, 1000-ға жуық техника тартылған. Осылайша өзен-көлдердің жағалауы, саябақтар, көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы қоқыстан тазартылды.
Күләндә Әжіғалиева, коммуналдық мекеме басшысы:
- Үлкен ағыспен келген томарларды, ағаштарды шығарып, бөгеттердің топырақтарын тазалап, плиталарды жуып үлкен жұмыстар атқарылды. Жайық жағасына келетін қала тұрғындары тазалықты ұстап, орындарын тазалап кетулерін сұраймыз.