ШҚО-ның Глубокое ауданы орталығынан 3 тонна қоқыс шығарылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жаппай тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Жастардан бастап зейнеткерлерге дейін сенбілікке қатысып, саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазартты. Ойын алаңдары мен жолдардың жан-жағын тазалап шықты. Аудан орталығынан 3 тонна қоқыс полигонға шығарылды. Тазалық шарасы апта сайын өтеді. Әсіресе, жастар жағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға  ерекше үлес қосуда. Акция басталғалы елді мекендерден 29 мың тонна қоқыс шығарылды. 75 мыңнан астам көшет егілді.

Алтай Қалиғожин, Глубокое аудандық маслихатының төрағасы:

- Бұл акциялардың тәрбиелік мәні де зор. Сондықтан осы акция біздің ауданымызда ары қарай да жалғасын табатын болады, бүгінгі жасап отырған жұмыстар – қоғамдық жерлерді тазалау. Сол арқылы жаңағы, айтып кеткендей, жастарды еңбекке баулу, тазалыққа баулу.