Қызылтастың петроглифтері мемлекет қорғауына алынды

Жетісу облысының волонтерлері «Қызыл тас – тасбақа» экологиялық акциясын өткізіп, шатқалдағы күл-қоқысты тазалады, деп хабарлайды 24kz.

Игі бастамаға еріктілермен бірге қоғам белсенділері, өңір жастары және «Жасыл ел» еңбек жасағы қатысты. Шара аясында Қызылтастағы петроглифтерге қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу туралы тақта орнатылды. Енді бұл жер мемлекет қорғауында болады.

Айта кетейік, өңірде «Таза Қазақстан»акциясына 200 мыңға жуық адам, 1600 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 8 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 30 мыңнан аса ағаш отырғызылды.

Ғалымжан Оспанов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың директоры:

- Қызылтас бойынша 300-ге жуық таңбалы тастар бар. Әр ескерткіш емес, кешенді түрде 296 бар. Егер де әрқайсысын санайтын болсақ, мыңнан асуы мүмкін. Қазанның аяғына дейін түгел осы жерді құжаттардыру жұмысы жүретін болады.

Ерғазы Қошанбеков, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Бүгін жастар келіп, халық көріп, осы жерді көрмеген адамдар да таңғалып жатыр. Сондықтан мына жердің тазалығы Жетісу өңірі үшін керек. Себебі, бұл жерде бірнеше петроглифтердің ізі қалған. Сонау заманнан қалған тасқа қашап жазған белгілері бар осы жерде.