Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жобасының маңызын айырықша атап өтті
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында Қасым-Жомарт Тоқаев ел экологиясы мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды 24kz.
Ол қоғамда тазалық мәдениетінің орнығуы қажеттігін айтты. Осы бағыттағы бастаманы, яғни, «Таза Қазақстан» жобасының маңызын айырықша атап өтті. Экологиялық шараның нәтижелеріне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Экология – жарлықпен жасалатын, өкіммен орындалатын шаруа емес. Тазалық алдымен халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне айналуы қажет. Шын мәнінде, өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс.