Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы нығайтылды
Шымкентте Бадам өзені жағалауын нағайту жұмыстарының бір бөлігі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Маятас тұрғын алабы аумағында көпір салынды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін қалған Тоғыс, Қызылжар, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан өтетін өзен арнасы жөнделеді. Ауқымды жобаға жергілікті бюджеттен 5 миллиардтан астам қаражат бөлінген. Жылдан жылға өзен арнасы кеңейіп, жағалай тұрғызылған үйлердің ауласы тарылған болатын. Сондықтан 6 учаске қауіпті аймаққа жатқызылып, былтыр құрылыс жұмыстары басталды.
Розин Ергешбай, Маятас тұрғын алабының тұрғыны:
- Осыны жазымен істеп, жақсылап тегістеп, шеттеріне бетон құйып, аткостарын жасады. Жалпы халыққа жақсы болды. Бұның жанын бетондамаса тұрғын үйлер бар. Осылардың жағалауын жуып, құлатып, тұрғын үйлерді құлап кетуі мүмкін еді.