Мемлекеттік орман қорын ұлғайту
Кең байтақ жеріміз бар, тұмса табиғатымыз бар.
Десек те, орманды алқаптарымыз өте аз. Тағы қанша аумаққа ағаш отырғызуға болады? Экологтар не дейді?
Еліміздің мемлекеттік орман қорында 5 млн 200 мың гектар шамасында орман отырғызуға болатын жер бар. Енді жарамды топырақты іздестіру, жобаларды даярлау сияқты шараларды күшейту қажет. Бұл жайында Экология және табиғи ресурстар министрі былай дейді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Облыс әкімдіктері орман отырғызуға жарамды топырақ іздестіру жұмыстарын жүргізіп, сол бойынша тиісті жұмыс жобаларын әзірлеу керек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды және еліміздің орманды жерлерінің аумағын ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс Министрліктің бақылауында болады. Сонымен қатар әкімдіктер 650 млн астам егетін материалды қайта өңдеу, сақтау, өсіруді қамтамасыз ету үшін 735,9 тонна өсімдік тұқымын жинау шараларын қабылдауы қажет. Бұл өте ауқымды жұмыс, сондықтан әкімдіктер бұл жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруға тиіс.