Әулиекөл тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын насихаттады

Қостанай облысының Әулиекөл ауылында жүгіруден жаппай жарыс өтті.

Ондағы мақсат «Таза Қазақстан» акциясын насихаттау. Додаға 12 мен 80 жас аралығындағы 100-ден астам тұрғын қатысты. Олар абаттандырылған ауыл көшелерімен жүгіріп, көпшілікті қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеді. Көктемнен бері аудан аумағынан 9 мың тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылып, рұқсатсыз жерге төгілген 43 қоқыс үйіндісі жойылды. Иесіз қалған 46 ғимарт пен құрылыс нысандары сүрілді.

Бекнұр Шәймерденов, Әулиекөл ауылының әкімі:

- Жас буын өкілдері аға буын өкілдеріне қарап тәлім-тәрбие, патриоттық сезім, еліміздің өркендеуіне деген, күшеюіне деген өздерінің күштерінің нышаны болып есептеледі.