Жыл басынан бері Аралға 2 млрд текше метрден астам су жіберілді
Биылғы суару маусымында Арал теңізіне 977 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жоспардың 98%-і. Кейінгі 5 жылда айдынға жіберіліп келген су көлемі 350-400 млн текше метр шамасында еді. Ал жыл басынан бері Аралға 2 млрд текше метрден астам су түсті. Құзырлы министрлік желтоқсанға дейін тағы 500 млн текше метр суды жібермек ниетте. Қазір Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.