Жезқазғанда ардагерлер Кеңгір көлінің жағалауын тазалады

Жезқазғанда өндіріс саласының ардагерлер кеңесі Кеңгір көлінің жағалауында экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Оған 100-ден аса адам қатысты. Аға буын өкілдері жағалаудағы қураған ағаштарды отап, демалушылардан қалған қоқысты шығарды. Өңірдегі ең ірі су қоймасының жағалауын тазалау ерте көктемнен бері жалғасып келеді. Әр апта сайын кемінде бір шақырым аумақ тазартылады. Ардагерлер алдағы уақытта күзгі ағаш егу науқанына да атсалыспақ.

Әлмұқан Исмағұл, еңбек ардагері:

- Сенбілік жасаудың мақсаты – өзіміздің тұрған жерімізді, елімізді, қаламызды тазалау және тазалықты сақтау. Бұл жұмыс істегініміз біздің келешек балаларға көмек және соларға тәрбие.

Төлеген Бүкіров, өндіріс саласының ардагерлер кеңесі төрағасы:

- Бізде 4 филиал бар. Жезқазғанда, Сәтбаевта, Балқашта, Қарағандыда. Осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Биылдың өзінде біз үшінші сенбілікке қатысып отырмыз. Бұл дегеніміз туған қаламызды тазалықта ұстау, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» үндеуін қолдау мақсатында.