Шымкентте көп қабатты үйлердің төңірегі тазаланды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында коммуналдық сала қызметкерлеріне студенттер мен әкімдік өкілдері қолғабыс етті.
Олар аулалар мен көшелердегі ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазартты. Төңіректі сыпырып, шашылған ағаш жапырақтарын жинады.
Ахайша Байымбетова, Тұран аудандық коммуналдық мекемесінің жұмысшысы:
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында бізге басқа мекемелерден көмекке келеді. Мысалы студенттер келеді, әкімшіліктен адамдар келеді. Көмек келгеннен кейін әрине бізге жеңіл. Жұмыс жеңіл болады. Адам көбейген сайын жұмыс жеңілдей түседі ғой.