Жетісудің Көксу ауданынан 34 тонна қоқыс шығарылды

Жетісу облысының Көксу ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер бүгінгі жұмыс күнін кабинеттен емес, тазалықтан бастады.

Қолына тырма алған көпшілік, Балпық бидің бюсті орнатылған аллеяны тазартты. Ағаш жапырақтарын жинап,  ескерткіш маңын сыпырып шықты. Осылайша партия өкілдері, мәслихат пен әкімдік және байланыс саласының қызметкерлері, коммуналдық мекеме мамандарымен бірлесіп, «Таза бейсенбі» шарасына атсалысты. «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық ациясы басталғалы, аймақта мұндай жұмыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Көксу өзенін жағалай қоныстанған көпшіліктің көмегімен, 34 тонна қоқыс шығарылды, дейді жауаптылар. 

Айдар Мұсанов, Көксу ауданының тұрғыны:

- Тазалықсыз мәдениетсіз ел болмайды дейді. Сондықтан бізде «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Туған жерін туған елін сүйген адам өзінің тұрған жерін отанын аялайды,- деп ойлаймын.

Қуаныш Жұмат, Көксу аудандық ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Бізде жоспар  бойынша жылдық бекітілген 10500 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге 6024 орындадық. Қалған төрт мыңнан аса ағашты қараша айына дейін егу жоспарланып отыр.