Теміртауда тазалық акциясы өтті
Теміртауда еріктілер, «Аманат» партиясының қалалық филиалы мен жастар қанатының мүшелері және «Жасыл ел» жасағының сарбаздары кезекті рет қаланы тазалауға шықты.
Табиғат жанашырлары қаланың іргесінен өтетін темір жолдың бойын қоқыстан тазалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл аумақта экоакция осымен үшінші мәрте өткізілді. Бұл жолы 1 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Баян Мәметова, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты:
- Бұл әрине маңызы бар нәрсе. Өйткені бізге жер ана бізге қаншама жақсылығын беріп жатыр. сол жер анаға біз өзіміздің жақсылығымызды тазалық сақтау арқылы беруіміз керек. «Таза Қазақстан» бұл Президентіміздің бізге беріп отырған бастамасы. Сондықтан осы акция аясында әр қала тұрғынын осы акцияға қатысуға шақырамын.