Ақмола облысында орманшы мамандар жетіспейді

Өңірде 3 ұлттық табиғи парк, 13 орман шаруашылығы мекемесі мен оқу-өндірістік бір кәсіпорын бар, деп хабарлайды 24kz.

Онда мың жарымнан астам орманшы қызмет етеді. Бірақ орманды күтіп-баптау және күзетуде жас мамандар жеткіліксіз.

Абзал Балтабаев, тілші:

- «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің Зеренді филиалындағы орман алқабының аумағы 36 мың гектардан асады. Оның 70%-інде қылқан жапырақтылар өсіп тұр. Осы орман шаруашылығында Олег Фидченко отыз жылдан астам еңбек етеді. Ол алғашында көлік жүргізушісі болып бастаған. Кейін 1997 жылы орманшы қызметіне ауысады. «Міне, осы уақыт аралығында ол өз ісінің нағыз шеберіне айналды», - дейді әріптестері.

Жаныспай Мұқажанов, орманшылық  басшысы:

- Олег Фидченко менен бір жылдан кейін келді. Ол өз біліктілігінің арқасында осындай дәрежеге жетті. Мен оның іскерлік қабілетін жоғары бағалаймын.

Тәжірибелі орманшы қызмет барысында бірнеше рет батылдығымен көзге түскен. Осыдан екі жыл бұрын Айдабол ауылынд шыққан өртті сөндіруге атсалысып, тұрғындарды жалғыз эвакуациялаған. Олег Федченконың осы ерлігін әріптестері әлі күнге дейін зор мақтанышпен айтады.

Талғат Алазов, «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалы директорының м.а.:

- Олег Владимирович сол кезде жағдайды бағамдап, тек тұрғындарды ғана емес, сол жердегі техникаларды сыртқа шығарды. Оның біліктілігімен мен ептілігінің арқасында өрт сөндірілді деуге болады.

Олег Фидченконың көп уақытын орманда өткізеді. Кейде уақытпен де санаспайды. Себебі, мұнда қысы-жазы тірлік көп. Мәселен, қыста жабайы жануаларға қамқорлық жасап   көктемде тал егеді. Ал, жаз бен күз айларында өрттің алдын алып, туристерден қалған күл-қоқысты жинайды. Ең бастысы, өзіне жүктелген міндетті жақсы түсінеді.

Олег Фидченко, орманшы:

- Орманшының қашан жұмыстан келетіні белігісіз. Әсіресе, өрт болған кезде апталап орман алқабында болған кезіміз болды. Кейін тілсіз жаудын салдарымен күресеміз. Бұл біріншіден, материалдық жауапкершілік. Өйткені бір орманшы мыңдаған орман алқабына жауапты. Ол өртке оранса, миллиондаған залал келеді. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейміз.

Қазір өңірде орманшы тапшы. «Жұмысы ауыр, жауапкершілігі жоғары қызметке жастар келгісі келмейді», - дейді Олег Фидченко. Сондықтан ол қызметке енді келген жас мамандарға ақылын айтып, мол тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко