Ақтөбедегі аллеяға 100 көшет егілді

Ақтөбедегі аллеялардың біріне 100 көшет егілді, деп хабарлайды 24KZ. Мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен студенттер атсалысқан іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.

Көшеттер жергілікті тәлімбақтан жеткізілді. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы елді мекендерге 350 мыңдай ағаш егілді. Ал қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазарту мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге 400 мыңдай ақтөбелік үлес қосты. Осы кезеңде қоқыс алаңдарынан 70 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылған.   

Естай Сисенбай, облыстық мәслихат депутаты:

- Біздің Ақтөбе қаласында әр сенбіде біз сенбілікке шығып тұрамыз. Яғни, бұл сенбілікке тек қана мынау парктерді тазалау емес, жалпы қаланы тазалау жатады. Яғни, мұның ішіне аулаішілік жолдар, мынау әрбір көше тұрғындары өздерінің ауласын тазалау кіреді. Әрбір жас осылайша қаланың тазалығына көңіл бөліп жатыр. Бұл өте жақсы үрдіске айналды.