Зерендіде шаңғы базасының аумағы тазартылды
Зеренділік тұрғындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығындағы шаңғы базасының аумағын күл-қоқыстан тазартты.
Тұрмыстық қалдықтарды жинауға 200-ге тарта адам жұмылдырылып, 10 текше метр қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек Мәлік Ғабдуллин мектебінің ауласына 40 түп көшет отырғызылды. Жалпыұлттық экологиялық акция басталғалы Зеренді ауданында 600-ге тарта шара өтті. Ортақ іске 13 мыңға жуық адам қатысып, тазалыққа өз үлесін қосты.
Алтын Төлеген, оқушы:
- Бүгінгі күні сыныптарымызбен мектеппен шығып арнайы акцияға байланысты далада ағаш ектік. Біз үшін естелік ретінде. Қазір 11-сынып оқимыз. Оқып бітіргесінде арнайы осы ағаштар үшін келіп, оларды қарап күтіп отыруға уәде береміз.
Әсен Жақсылықов, Зеренді ауданының әкімі:
- Қоқыс полигондарынан ретке келтірдік. Тұрғын үй аулаларын абаттандырдық. Көпшілік шомыталатын өзен жағасын жинастырдық. Туристік аймақ болғасын біз үшін осындай акциялар маңызды. Қазір демалу маусымы аяқталып, бәрін қалпына келтіріп жатырмыз.