Қазақстан мен Өзбекстан экология саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылын жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, ауа мен судың ластануына жол бермеу, биологиялық әралуандықты сақтау, қауіпті қалдық мәселелерін реттеу, экожүйені тоқыраудан қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлінуде. Бүгін Cенатта осы бастамаларды іске асыруға жол ашатын екі елдің экология саласындағы ынтымақтастығы туралы заң мақұлданды. Бұл бағытта бірлескен іс-шараларды әзірлеп, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолға алу қарастырылған. Алдағы уақытта трансшекаралық аумақтағы төтенше жағдайлар бойынша да өзара іс-қимылдар қабылданады. Сенат спикері қаралған келісім бауырлас екі елдің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Келісім аясында ауа мен судың ластануының алдын алу, қатты тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бағыттары бойныша тараптардың бірлескен іс-қимылдары қарастырылған. Сондай-ақ биологиялық әралуандылықты сақтау, климаттың өзгеруіне бейімделу және басқа да маңызды бағыттар айқындалып отыр. Жалпы мақұлданған заң екі мемлекет арасындағы одақтастықты одан әрі нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.