Атмосферадағы парниктік газ көлемі рекордтық деңгейге жетті
Кейінгі 20 жылда атмосферадағы парниктік газ концентрациясы адамзат тарихында болмаған деңгейге жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының ауа райын бақылау мекемесі жуырда осындай дерекпен бөлісті.
Мамандардың айтуынша, былтыр қөмірқышқыл газының шығарындылары рекордтық деңгейге жеткен. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 3 миллион жыл бұрын болған көрінеді. «Жағдайдың күрт нашарлауына әлем елдерінде жиілеп кеткен орман өрттері себеп болуы мүмкін», – дейді аталған ұйым өкілдері.
Айта кетейік, қазір ауадағы CO2 концентрациясы индустриалды дәуірге дейінгі көрсеткіштен 51%-ке жоғары. Ал метан көлемі 1750 жылдан бері 165%-ке артқан.