«Таза Қазақстан»: Өскеменнен 10-15 тонна күл-қоқыс шығарылды
Өскеменде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған жобалар жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық бастамаға қатысқан қала жастары осындай пікірге тоқталып отыр. Мәселен «Таза ойындар» жобасы 200-ге тарта волонтердің басын қосты. Ойынға қатысып, жүлделі орынға ие болған табиғат жанашырлары қаладан жалпы 10-15 тонна күл-қоқыс шығарып тастады. Ал вандализмге қарсы іс-шаралар аясында облыс аумағындағы жүздеген ескерткіш маңы мен тарихи орындар керексіз қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар белсенділер көгалдандыру жұмыстарына жұмыла кірісіп, жүздеген түп көшет отырғызды. Мамандардың айтуынша, әсіресе, «Экопатруль» жобасы тазалық акциясының ауқымын арттыруға үлкен сеп болған. Өйткені ол тек облыс орталығы ғана емес, шалғайдағы ауыл-аймақты түгел қамтыды. Осылайша, тазалықты насихаттаған 70-тен аса іске мұрындық болды. Жастар ресурстық орталығы жалпыұлттық акцияны әлі де қолдауға зр.
Бақытжан Ерболқызы, Жастар ресурстық орталығының директоры:
- Көбінесе осы «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар көбірек тартылған болатын. Мұндағы бірінші міндет – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Айтады ғой, тәрбие тал бесіктен деп, біз көп іс-шараларда жастармен жұмыс жасадық. Жалпы қаламызда 150 іс-шара өтті.