Павлодар облысында 198 заңсыз қоқыс алаңы жойылды
Павлодар облысында заңсыз қоқыс алаңдары көбейген, деп хабарлайды 24kz.
200-ден астам полигон анықталып, оның 198-і жойылды. Ал облыс орталығы мен Чернояр ауылдық округінде оларды жою жұмыстары әлі басталмаған. Бұл жылда қайталанатын үрдіс. «Жабылған полигондар уақыт өте келе қайта пайда болады», - деп экологтар дабыл қағуда.
Руслан Темірболатов, облыстың мемлекеттік экологиялық инспекторы:
- Жергілікті атқарушы органдар қадағалау жұмыстарын ұдайы жүргізбейді. «Қазақстан Ғарыш сапары» Ертіс, Тереңкөл сияқты шалғай аудандарды қамти алмайды. Шарбақты ауданына мониторинг биылдан бастап жүргізіле бастады. Өзіміз де тексеріп тұрамыз. Бірақ барлық аудан бойынша қоқыс алаңдарын анықтау мүмкін емес.