Жамбыл облысында 140 саябақ пен алаң тазартылды
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы 23 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған, деп хабарлайды 24KZ. Бүгінде өңірдегі 140 саябақ пен алаң тазартылды.
Бүгін облыс орталығында қалалық әкімдік пен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Сәби қоры» саябағының аумағын тазалады. Көктемде басталған экологиялық акцияға 800 мыңнан астам тұрғын қатысқан.
Ерсаят Қонысбай, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:
- Экоакцияның бір жақсы жері қаланың жастарының барлығы осы қаланы көркейтуге атсалысуында. Сондай-ақ жастар арасында достықты қалыптастырады. Қаланың тазалығына деген патриоттық сезімді ашуға, патироттық сезімді нығайтуға деген көптеген бастама береді. Осындай экоакциялар арқасында қаламыз одан сайын көркейіп жатыр.