Абай облысында бір күнде 1 тонна қоқыс жиналды
Абай облысында «Таза Қазақстан» жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Бородулиха ауданының тұрғындары «Таза бейсенбі» акциясына бір кісідей қатысып, бір тонна қоқыс шығарды. Экоакцияны «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы ұйымдастырды.
Тазалық шарасына партия мүшелері, депутаттар, еріктілер мен тұрғындар үлес қосты. Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері жобаға 100 мыңнан астам адам қатысып, 60 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Экоакция алдағы уақытта да жалғасын табады.
Гүлмира Ильяшева, «AMANAT» партиясы Бородулиха аумақтық филиалының атқарушы хатшысы:
- Ауданымызда салынып жатқан мешіт құрылысының төңірегінде қоқысты жинауға жиналдық. Бұл мешіт ауданымыздың көрнекті орны болып саналмақ. Әрқашан осы акцияны қолдаймыз. Жаңа Қазақстан – Таза Қазақстан. Біздің де ұранымыз осы.