Махамбет ауданында орталық саябақ қоқыстан тазартылды

Атырау облысы Махамбет ауданындағы орталық саябақ ажарланды, деп хабарлайды 24kz.

Аумақтағы қураған жапырақтар мен түрлі тұрмыстық қалдықтар жиналды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы өңір бойынша 1 мың 700 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды. Тазалық жұмыстарына 60 мыңнан астам адам қатысты. Осындай шаралар облыс орталығы мен аудандарда әр апта сайын өтіп тұрады.

Нұрбек Бағытжанов, Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырушысы:

- «Таза бейсенбі» акциясы аясында біздің аудан орталығында саяжайларда, бау-бақшаларда тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Дәл осы акцияға мекеме қызметкерлерінен бөлек аудан жастары, белсенді жастар жақсы қатынасуда.

Руслан Әженов, «Amanat» партиясы Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

- Осы акция аясында жалпы елімізді, ауданымызды көркейту мақсатында өзіміздің үлесімізді қосудамыз. Бұл акция алға қарай да жалғасын таба береді деген сенімдемін.