Еріктілер мыңнан астам экоакцияға қатысты
Жетісу облысында 500-ден аса эковолонтер бар.
Биыл олар «Таза Қазақстан» акциясымен ұйымдастырылған 1100-ге жуық сенбілікке қатысты. Сол арқылы елдімекен аумағын тұрмыстық қалдықтардан арылтуға өз үлесін қосты. Табиғат жанашырларының санын арттыру үшін қоғам белсенділері студенттермен кездесті. Білімгерлерге қоғамға пайдалы іспен айналысудың маңыздылығын түсіндіріп, еріктілердің қатарына қосылуға шақырды. Сонымен қатар өз тәжірбиесімен бөлісті. Экомәдениет үйден шығатын қоқысты сұрыптаудан басталатынын атап өтті.
Ғазиз Аманжолұлы, қоғам белсендісі:
- Өз басым целофан, макулатура, пластик 4-5 лампочканы сұрыптаймын, соның арқасында ай сайын 3-4 мың теңге пайдасын көруге болады.Қайырымдылық қорларына осы түскен пайданы аударудамыз.