Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы көшет егуге арналды

Түркістан облысының Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы көшет егуге арналды.

Жалпыаудандық сенбілікке аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдары мен дін өкідері атсалысты. Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінен алынған 13 мың түп көшет «Мәртөбе» алаңы мен мектеп аулаларына отырғызылды. Абаттандыру шарасы аясында аудан ақсақалдары тиісті сала басшыларына жасыл желектің тұрақты суғарып тұруды тапсырды. Бұдан бөлек, табиғат жанашырлары өздеріне бекітілген аумақты қураған ағаш бұталары мен жапырақтардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны таза ұстап, ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шара алдағы аптада да жалғасын таппақ.