«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда 2000 түп ағаш көшеті егілді
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясымен 200 түп ағаш көшеті егілді, деп хабарлайды 24kz.
Игі шараға қалалық мекеме қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысты. Олар жағажай маңын абаттандырып, көпшілік тынығатын орынның жасыл желекпен көмкерілуіне өз үлесін қосты.
Айта кетейік, бұған дейін жаңадан салынған орталық бассейн ауласына қылқанжапырақты ағаш отырғызылған еді. «Жалпыұлттық экологиялық акциясы басталғалы талды шахарда екі мыңға жуық көшет егілді», - деді қала әкімінің орынбасары.
Қуаныш Сейтімбетов, қала әкімінің орынбасары:
- Жыл соңына дейін 8500 ағаш отырғызып, жалпы биыл қорытынды 10000 ағашқа жеткізу жоспарымызда бар.