«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қарақұйрық санағы басталды

Алматы облысындағы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қарақұйрық санағы басталды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жұмысқа қорықшылармен қатар, зоология институты, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері кірісті. Олар бір аптаның ішінде 120 мың гектарды алып жатқан парк аумағын шолып шығады. Сол арқылы сүтқоректілердің санын анықтайды. Санақтың алғашқы күнінде табиғат сақшылары 26 мың гектар жерді барлады. Нәтижесінде Қызыл кітапқа еніп, ерекше қорғауға алынған жануардың көбейгені байқалған.

Нұркен Қонысбаев, Алматы облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

- Біріншіден, биылғы жылы ауа райы қолайлы болды. Жаңбырлы болғаннан кейін жердің құнары көп, шөп көп болғаннан кейін бір жақтан ауып келді ме екен? Бұның барлығы. Биыл өнім көп. Екіншіден, осы ұлттық парктің қызметкерлері бар. Солардың арқасы деп білем. Биылға қарақұйрық саны мол. Санақ біткен кезде нәтижесін шығарамыз.