Петропавлда қоршаған ортаны қорғау мәселесі талқыланды
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Петропавл аумағынан 10 тонна қоқыс шығарылды.
Ел бойынша бастау алған экологиялық шара «Табиғатты қорғау – баға жетпес сый» атты дөңгелек үстелде қорытындыланды. Жиынға экологтар, ғалымдар мен волонтёрлер қатысты. Олар экологиялық мәселелерді талқылап, қоршаған ортаны сақтап қалудың жолдарын қарастырды. Жалпы қала бойынша сәуір айынан бері 100-ден аса тазалық сенбілік шарасы өтті.
Зарина Нысанова, студент:
- Қарапайым өмірден алатын болсақ, қалдықтар. Қалдықтарды тастамау керек деген сияқты және де көліктердің түтіні, зауыттардан шығатын түтіндер деген секілді. Солардың барлығын алдын алу үшін техникалық білімдерді, яғни құрал – жабдықтарды енгізу туралы арттыру керек деп ойлаймын.