Ұлытау облысындағы мектептерде экология тақырыбында ашық сабақтар өтті
Ұлытау облысындағы мектептерде «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық сабақтар өтті, деп хабарлайды 24kz.
Мақсат – жыл бойы жалғасып келе жатқан акцияны қолдау және оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Квест түрінде өткен шарада экология проблемалары және қоқысты сұрыптау тақырыбында түрлі тапсырмалар болды. Сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясына 150 мыңға жуық өңір тұрғыны қатысты. Үш жарым мың тонна қоқыс полигонға төгілді.
Айдана Алданазарова, облыстық энергетика және түкш басқармасының маманы:
- Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты сенбіліктердің орнына қазір түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Яғни, мектептерде, колледждерде, кітапханаларда түрлі дәрістер және челлендждер және «Таза Қазақстан» экологиялық акцясына арналған бұрыштар ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүруде.