Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуының алдын ала себебі айтылды

Итбалықтардың жаппай қырылуына су астындағы жер сілкінісі салдарынан туындаған табиғи газ шығарындылары себеп болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий теңізінде қырылған итбалықтарды зерттеуге қатысты алдын ала мәліметті жариялады. Ал теңіз сүтқоректісінің өлу себебі туралы нақты зертханалық тұжырымдар 3-4 айдан кейн белгілі болады. Қазір жағалауда мониторинг жүргізу жалғасуда. Бұған дейінгі зерттелген барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, 24 қазаннан 13 қарашаға дейін Маңғыстаудың Түпқараған ауданында теңіз жағасынан 1034 итбалықтың өлексесі табылған.