Петропавлдық жастар экологиялық шара ұйымдастырды

Петропавлдық жастар Даун синдромына шалдыққан балалармен бірге экологиялық шара ұйымдастырды, деп хабарлайды 24KZ. Олар тұрмысқа жарамай қалған заттарды қоқысқа лақтырудың орнына кәдеге жаратып, жаңажылдық ойыншықтар жасады. Қағаз, сіріңке, шырша бүрі, пластмасса бөтелкелер әп-сәтте көздің жауын алатын бұйымдарға айналды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткен шараға ардагерлер де қатысты. Осылайша, олар қоғамды қоршаған ортаны қорғауға шақырды. Ал мерекелік ойыншықтар тұрғындарға таратылады.

Дамир Әбдин, Жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 300-ден аса экологиялық шара өтті. Белсенділер күздің соңына дейін қоғамдық орындарды тазалап, сенбіліктер ұйымдастырды. Ал бүгінгі шараға ерекше балаларды шақырып, қоғамға ой салдық.