Табиғи ресурстарды қорғауға арналған платформа жасақталады
Елде табиғи ресурстарды қорғауға арналған платформа жасақталып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі мәлімдеді.
Нұрлан Құрмалаевтың айтуынша, жоба алдағы бес жылда толық іске қосылады. Арнайы сайтта жасанды интеллект, спутниктік технологиялар, үлкен көлемдегі ақпаратты талдау және заттар интернетінің экожүйесі элементтерін енгізу жоспарланған. Бұл технологиялар қазірдің өзінде ластаушы заттардың шығарындыларын бақылау, дала өрттерін ерте анықтау және экожүйелерді ғарыштық бақылау сияқты салаларда қолданылады. Цифрлық шешімдерді қолдану бақылаудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға әрі жедел және негізделген шешімдер қабылдауға ықпал етеді.