Биыл Қазақстанда 93 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізілді
Елде 13 мыңнан астам гидротехникалық нысан бар, деп хабарлайды 24kz.
Биыл Қазақстанда 93 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізілді, жалпы ұзындығы 592,9 км болатын 260 бөгет салынып, нығайтылды. Алда тағы 20 жаңа су қоймасын салу, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару каналдарын қосқанда қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланған. Мемлекет басшысы салаға серпіліс беруді тапсырған еді. Мәселен су инфрақұрылымын жаңғырту, тарифтік саясатты қайта қарау, су үнемдеу технологияларын енгізу және заңнамалық базаны жетілдіру ісі күн тәртібінде.
Айтайық, 2024 жылы еліміздің оңтүстік аймақтарындағы егістік алқаптарды суару үшін 10,9 км3 су жіберілді, ол суаруға арналған су қабылдаудың жалпы көлемінің 97%-ін құрайды. Талас және Шу өзендері бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды, бұл сумен жабдықтау және суару бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігінің айғағы. Биыл Шардара су қоймасына 4,8 млрд м3 су келді, яғни, 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.