Оралда оқушылар арасында экофестиваль өтті
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ».
Оралда осындай ұранмен оқушылар арасында экологиялық туризм фестивалі өтті. 12 аудан мен облыс орталығынан жиналған жас экологтар зерттеу және жобалау жұмыстарын таныстырып, зияткерлік байқауға қатысты. Жартасқа өрмелеп, экологиялық бағдарлаудан сынға түсті. Мақсатымыз – өскелең ұрпақ арасында экологиялық дүниетаным мен мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны сүюге баулу дейді ұйымдастырушылар.
Дана Сағынжанқызы, Қасым Аманжолов орта мектебінің 10 сынып оқушысы:
- Қызыл кітапқа енген өсімдіктер не жануарлар, сол экологиялық проблемаларды шешу басты мақсатым болды. Мен жануарларды және өсімдіктерді қатты жақсы көремін. Сондықтан оны қорғау маған қызығырақ болды. Сол үшін келдім.
Наталья Байсариева, облыстық балалар және жасөспірімдер туризмі орталығының бөлім меңгерушісі:
- Біздің облыс - барлық аудандарда балалар туризмі орталығы сақталып қалған жалғыз облыс қой. Сондықтан жасөспірімдердің табиғатты тануға құлшынысы ерекше. Осы экофестиваль барысында олар өз жұмыстарын кеңінен көрсетті. Бүгін міне үгіт бригадалары арасында сайыс өтіп жатыр. Осы шешуші кезеңнен кейін жарысты қорытындылайтын боламыз.