Алматы облысында экологиялық ахуалды жақсарту жайы талқыланды
«Таза Қазақстан» науқаны басталғалы бері Алматы облысының аумағынан 29 мың тонна қоқыс жиналып, 8 мың гектардан астам аумақ тазартылды. 87 200 түп ағаш көшеті отырғызылды. Экологиялық іс-шараға жалпы саны 760 мыңға жуық адам қатысты. Бұл туралы Алматы облысының Ұйғыр ауданында ақсақалдар алқасы мен этномәдени бірлестіктердің, ауыл жастары және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өткен жиын барысында белгілі болды.
Экологиялық акция жас ұрпақты қоршаған ортаны таза ұстауға баулумен қатар саладағы түйткілдерді шешу бағытындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ықпал етті. «Біле білген адамға бұл қыруар еңбек», – деп атап өтті аудан ақсақалдары.