Кіші Аралдың жағдайы қалай?
Солтүстік Аралда су деңгейі 42 пайызға өсті.
Осылайша Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңі бойынша теңіздегі су көлемі 27 млрд текше метрді құрап отыр.Теңіз суының тұздылығы төрт есе төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жеткен. Дей тұрғанмен, Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңін дереу қолға алу қажет деп отыр су сарапшылары. Кіші аралдың қазіргі күйі қандай? Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының келесі кезеңі қандай болмақ?
Кіші Аралдың қазіргі күйі қалай?
- 60 жылдардан бастап Аралдың тартылуын мына графикаға қарап аңғаруға болады. Қазір одан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Кейін көршілес елдермен Аралды құтқару қоры құрылғанымен, теңіздің суын тұтастай сақтап қалу бәрібір де мүмкін болмады. Бірақ біз өзіміздің тараптағы Солтүстік Аралды сақтап қалу үшін бірқатар әрекетке бардық. Су мамандары Көкарал бөгетінің салынуы ең дұрыс шешімнің болғанын айтады.
Ерлан Бадашев, су маманы:
- Аралдың аумағы Қазақстан жағынан бір 10-нан бірі ме, 20-дан бірі, қалды. Яғни 70 пайызы құятын Әмудария жағынан бір тамшы су түспейді Аралға қазір. Біздер сол Аралды сақтап қалу үшін 2008-2010 жылдары Дүниежүзілік банкінің есебінен үлкен Арал мен кіші Аралдың ортасына үлкен бөгет салып өз жағымызды құтқарып қалғандай болдық.
Дүниежүзілік банк бұл бөгеттің құрылысына 2005 жылы 86 миллион доллар бөлген болатын. Кейін Көкарал бөгеті сыр беріп, нысанның құрылысы кезінде біраз түйткілді мәселе ескерілмегені белгілі болды. Сөйтіп қосымша 4,3 млрд теңге қосымша қажет болды. Бүгінде Аралды сақтап қалудың екінші кезеңін дереу бастау керек дейді мамандар. Бірақ осы ретте сарапшылар тарапынан ұсыныстар әртүрлі болғандықтан, 20 жылдан бері бір ымыраға келе алмай отырмыз.
Заулхан Ермаханов, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Арал филиалының директоры:
- Бір топ маман Сарышығанаққа су әкелу керек дейді. Канал қазу керек. Екінші бір топ мамандар «Жоқ Көкарал отметкасын 78-50» ге дейін көтеру керек дейді. Қазіргі кезде енді 27 куб км болса, 48 отметкада 60 млрд метр кубка дейін су сақтауға болады. Сонымен қатар ауланатын балық көлемін 20 тоннаға дейін көтеруге болады.
Аралда су көлемін арттыру үшін Қызылорда облысында бірқатар шара қолға алынған. Соның бірі лазерлік тегістеу арқылы дәнді-дақылдардан су үнемдеу техникасы. Сондай-ақ Аралдың табаны көрініп, тұзды соры шыққан аумақтарына сексеуіл егу жұмыстары да жандануда.
Азамат Әбуов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы:
- Қазіргі таңда Арал теңізінің қураған түбінің аумағы 6 млн гектар болады шамамен. Соның 2\8 млн гектары осы қазақстанның территориясына келіп тұр. Сол экологиялық ахуал Арал теңізінің кепкен түбінен көптеген құм және тұз елді мекендерге жайылып, бұл Арал теңізінің тұздары тибетте де табылған деп айтылып жатады. Сол бойынша, осы ахуалды тоқтату үшін бірден бір тәсілдің бірі ағаштарды егу болды. Бір түп сексеуіл 4 тонна құмды тоқтата алады деген ақпарат бар. Сол себепті осы ахуалды, осы экологиялық жағдайды жақсарту үшін Арал теңізінің түбінде ағаштар егі бойынша тапсырма берілген болатын. 1,1 млн гектар жерде ағаш егу бойынша тапсырма.
Осы ретте айта кетейін 2024-2026 жылдар аралығында Қазақстан Халықарлық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді. Алда тағы 2 жыл қалды. Осы аралықта біздің тарапымыздан ұсыныстар мен атқаратын жұмыстар аз болмауы қажет деп есептейді сарапшылар.