Елімізде жүз базар жаңартылады

Биыл елде 100 базар жаңғыртудан өтеді.

Жөнделетін сауда орындары Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында орналасқан. Өңірлерде базарларды жаңғырту жеке инвестиция есебінен жүргізілуде. Бұл жұмыстар биыл толық аяқталуы тиіс. Өйткені келер жылдан бастап заманауи форматқа сай келмейтін базарлардың иелері, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жаңғыртылған нысандар, заңға сәйкес онлайн төлем жасау аппараттарымен қамтылып, санитарлық және өрт қауіпсіздік талаптарына сай жасақталады. Сондай-ақ, тұтынушылардың қолайлылығы үшін көлік тұрағының болуы міндетті.