Ақтаудың іргесінен 150 тонна қоқыс шығарылды
Ақтаудың іргесінен 150 тонна қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен кезекті сенбіліктің нәтижесі осындай. Қаладағы «Самал» шағын ауданы құрылыс алаңдарынан шыққан қалдықтар мекеніне айналып барады, дейді жергілікті әкімдік өкілдері. Былтыр осы жерде заңсыз қоқыс төккен бірнеше адамға айыппұл да салынды. Қазір мөлтек аудан қатаң бақылауға алынып, қоқыстан толық тазалауға 100-ге жуық адам мен 20 техника жұмылдырылды. Бұған дейін Ақтаудың бес шағын ауданында жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді.
Айдар Бисенов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- 4-шағын аудан, 5, 7, 9 және 11-шағын ауданда жаппай сенбілік және абаттандыру жүргізілген болатын, коммуналдық мекемелерден 400-ге жуық қызметкер жұмылдырылып. Оған қоса қираған жаяу жүргінші жолдарды қалпына келтіру, шағын ауданішілік жарық шамдарын ауыстыру және сырлау жұмыстары жүргізілген болатын.