«Таза Бейсенбі»: Шымкентте еріктілер көшелерді мұздан тазартты

Шымкентте «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында тұрғын үй секторындағы қар шығарылды, деп хабарлайды 24KZ. Еріктілер көшелерді мұздан тазартып, коммуналдық мекеме жұмысшыларына көмек берді.    Тазалық шарасына «AMANAT» партиясы мүшелерінен бөлек, жастар қанаты мен қала тұрғындары қатысты. Барлығы 50-ге тарта адам қаланы тазартуға үлес қосты.

Белсенділер жұмысшыларды қолдау мақсатында ыстық шай мен тамақ ұйымдастырды. Олардың айтуынша, тазалыққа бейжай қарамайтын әрбір жан құрметке лайық. Экологиялық акция аясында мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады.

Ербол Байқоныс, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Қысқы мезгілде де тоқтатпаймыз. Әрқашан осы тазалыққа басымдық береміз. Өйткені тазалық бірінші кезекте денсаулық кепілі. Мына қардан тазаладық. Көмектестік. Қолымыздан келгенше. 12 ай жүзеге асырылады.