Қазыналы мекен. Гиннестің рекордтар кітабына енген «Богатырь» кеніші

Екібастұз көмір бассейнінің тарихы 1867 жылдан басталады.

Бұл кен орнын геолог Қосым Пішембаев кездейсоқ ашты. Ол табылған орынды көршілес жатқан көлден әкелген екі бас тұзбен белгілеген. Осыдан «Екі бас тұз» атауы пайда болды. Ал көмір өндірісі XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында басталды. Бірақ мұнда зерттеушілер мен жобалаушылар тек соғыстан кейін ғана келді. Жобалық қуаты жылына 50 млн тонна көмір өндіретін «Богатырь» кеніші 1965 жылмен 1979 жылдар аралығында 9 кезекпен салынды. Өндірістің өткені мен бүгінгі қарқынын осы шығарылымда тарқатамыз.