2025 жылы «Цифрлық теңге» жобасы толық аяқталады
Әзірге құжат пилоттық режімде іске қосылды.
Бұл туралы бүгін Ұлттық банкте өткен жиынында айтылды. Цифрлық теңге,,, POS-терминалдар, QR-код, банктердің мобильді қосымшалары, биометрия сияқты банктік қызметтер арқылы қолжетімді болады. Тағы интернет жоқ жерлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді офлайн жүргізу мүмкіндігі қарастырылады. Цифрлық валютаның өзге де артықшылықтары мен ауқымы кезең-кезеңімен кеңейе түседі.
Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелері департаментінің директоры:
- Енді теңгенің үш нысаналы түрі болады. Ол қазіргі бар қолданыстағы қолма-қол ақша - банкноттар мен монеталар. Екінші формасы - қолма-қолсыз ақша. Үшінші дүние бұл цифрлық форматта. Бұл жерде қолданушы әрбір жеке азамат ұлттық валютаның қандай формасында жұмыс істеу керектігін өзі дербес шешеді.