Яндекс такси қосымшасында «Балалар» деген жаңа тариф пайда болады

Яндекс такси қосымшасында «Балалар» деген жаңа тариф пайда болады.

Осы арқылы жолаушылар арнайы орынтағы бар таксиді таңдай алады. Монополияға қарсы агенттік осындай талап қойып отыр.

Елде қымбаттамаған не қалды? Нарық болған соң, барлық сала бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Бұл құбылыс ақыры такси құнын да қармады. Биыл жеткізу құны 11,3 пайыз өсті. Ал такси қызметімен айналысатын компаниялардың табысы 20 пайызға артты. Биыл олар 4,7 млрд теңге пайда тауыпты. Ал жолаушылар саны 40 млннан көп. Өсім шамамен 4 пайыз. Жалпы, қымбатшылық 20 өңірдің 18-інде байқалды. Алматыда баға 40 пайызға бір-ақ серкірді. Ақтөбе мен Абай облысын да қымбатшылық қысып тұр. 

Графика:

Такси бағасы 11,3%-ға қымбаттады

Компаниялар табысы– 4,7 млрд теңге   Өсім – 20,7%

Жолаушылар саны – 41,6 млн     Өсім – 3,7%

Такси құны қымбаттаған өңірлер:

Алматы қаласы – 40,5%

Ақтөбе облысы – 22,1%

Абай облысы – 13,3%

Кептелісі көп, ауа-райы тұрақсыз өңірдің бірі – Астана. Сол үшін елордалықтар таксиге де көп шығындалады. Осы тұрғындарды бірге тыңдайық.

Блиц:

- Негізі таксиді тұрақты қолданамын. Бірақ көбіне прайм тайм уақытында, час-пик уақытында жиі қымбаттап кетеді. Өз қалыпты бағасынан 3-4 есе шығып кетеді.

- Кейбір кездерде мысалы жаман ауа райында өте қымбатттайды. (Қанша есе қымбаттайды?) 2-3

- Провайдер шетелден келген, Ресепйден яндекс. Біз білмейміз, регулировка олар істейді. Бізде басқа вариант жоқ. Местный такси жоқ,

- 5 минуттық жерге 1500 теңге ол қымдат деп ойлаймын мен.

"Яндекс такси" тергелді

Иә, шектен шығатыны жасырын емес. Әсіресе, қосымшалар соңғы уақытта қызыл түсті жиі жағып, бағаны қымбаттата беруге әуес болып барады. Ал бұл қаншалықты заңды? Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін де осы сұрақ қызықтырған көрінеді. Монополияға қарсы орган, Яндекс таксидің қызметін тергеп, бірқатар кемшілік тапты. Нәтижесінде, таксо-парктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін және ақпарат бермегені үшін айыппұл салды.

Артынша екі жақ бір келісімге келіпті. Енді Яндекс жүргізушілердің де, жолаушылардың да құқығын сақтауға міндетті. Мәселен, тапсырыс бағасы екі есе қымбаттаса, жүргізушілерден комиссия ұстамайды. Таксишілерге қосымша бонустық бағдарлама енгізіледі. Келешекте олардан алынатын комиссияны азайту да көзделген. Ал тариф көтерілсе, оның себебі тұрғындарға нақты түсіндірілуі тиіс. 

Нұржан Садырбай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Бұған дейін бар болған бірге тарифі жаңартылып, бұрындары мысалы осындай кептеліс кезінде, түскі уақытта таксидің бағасы қымбаттап кететін еді ғой. Енді сол тарифтің аясында бұл баға асқақтамайды, төмен бағамен жүретін болады. Бұл істерді арнайы мониторинг топ бақылайды. Мем қызметшілер, бастамашыл топтар, такситтер, және экспертер бақылайды.

Таксиде "Тежегіш" жоқ па?

Бұл жаңалық өткен аптаның соңында шыққан еді. Бірақ бағаға қатты әсері болмады. Заңгер Нұрсұлтан Орынбековтың айтуынша, нарықта ереже сақталмайды. Азаматтардың шағымын елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ.

Нұрсұлтан Орынбеков, заңгер:

- Маған бір пародокс мысалы жекелеген азаматтар аэропорттан шетелдік азаматтарды 4 мыңдық жерге 40 мыңға апарса дереу полиция жазалайды. Ал заңды тұлғалар бағаны есепсіз көтергенде, халықтың қлтасын ұрып, әлеуметтік жағдай туындағанда үнсіз қалып жатады. Бұл нарық, Нарық ол тең конкуренция.

Иә, бұл нарық. Бағаны арзандатудың ең тиімді тәсілі бәсекелестікті күшейту. Алайда осы такси бағасы қымбаттағанымен жүргізушілер байып кеткен жоқ. Олардың да өз уәжі бар. Тапқан таянғанымыз – құрал-жабдық пен бензинге кетеді дейді. Осының кесірінен, такси бағасының өсімін тоқтату оңай болмай тұр. Өйткені, бұл - нарық.

Айтпақшы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің өкілдері цифрлық даму министрлігімен бірлесе тәуелсіз аудиторлық компанияға жүгінуді жоспарлап отыр. Осылайша, тәуелсіз сарапшылар такси бағаны қаншалықты әділ қойып жүргенін зерттейді. Сонда көп сауалға жауап табылары анық.