Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін саралап енгізуді ұсынды

Үкімет қосымша құн салығының мөлшерлемесін саралап енгізуді ұсынды. 

Оның ішінде кей салаға 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұндай салықтан толық босату, ал кейбіріне – 10% деңгейінде аралық мөлшерлеме қарастырылған. Осылайша Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16%, 10% және 0%», — деп түсіндірді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин. Оның айтуынша, Қазақстан әлемдегі дәл осы салық мөлшерлемесі ең төмен елдер қатарында. Оның көтерілуі бірнеше ірі жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын бюджетке қосымша 4-5 трлн теңге түседі деген болжам бар. Бұл қаражат агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі мен қорғаныс салаларын нығайтуға бағытталады. Мұндай өзгеріс қосымша құн салығын төлеп отырған 88 мың бизнес субъектісіне қатысты. Бұл отандық кәсіпкерлердің 4 пайызы ғана. Салықты саралап енгізу де қарастырылып отыр. Сонымен қатар қолданыстағы әлеуметтік салық режимдерін қайта қарау ұсынылды.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Қосымша құн салығы бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі. Оны арттыру және саралау мұнайдан түсетін құбылмалы кіріс көлеміне тәуелділікті азайтады. Бұл Ұлттық қорды сақтап, мемлекеттік басым бағыттарды қаржыландыруға жол ашады. Ал жеңілдікке қатысты келер болсақ, біз ауыл шаруашылығы саласын бұл салықтан босатуды ұсынып отырмыз. Осы арқылы отандық азық-түлік өндісін бәсекеге қабілетті қылу көзделген.

Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы:

- Білім, медицина, ауыл шаруашылығы салаларындағы тариф саралануы қажет. Екіншіден, бизнеске тең жағдай жасалуы керек. Сонда кәсіпкерлер салықтан жалтару үшін бизнесін бөлшектемейді.